Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан жұмыс сапарымен Уржар ауданына барды

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Жанжігіт Омархан жұмыс сапарымен Уржар ауданына барды

Сапар барысында Таскескен ауылындағы мәдениет үйі мен кітапхананың жұмысымен танысып, нысандардың техникалық жағдайын қарап шықты.

Бұдан кейін басқарма басшысы Ақжар ауылдық клубына барып, материалдык-техникалык базамен танысты, аталмыш клубтың шатырына күрделі жөндеу қажет екені айтылды.

Жанжігіт Абзалбекұлы аудан орталығында орналасқан облыстық тарихи-өлкетану музейі, орталық кітапхана жэне архив мекемесінін де кызметімен танысып, көптен бері айтылып жүрген мәселелі сұрақтарды көзбен көрді.

Сонымен қатар, кеше бастау алган «Абай елі — өнер кеніші» атты облыстық көркемөнерпаздар байқауы Ұржар ауданында өз жалғасын тапты.

Жұмыс сапары ары қарай Мақаншы ауданында жалғасады.