Абай облысында көше атауларын қайта атау бойынша жұмыс жүргізілуде

Абай облысында көше атауларын қайта атау бойынша жұмыс жүргізілуде

          Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігімен бекітілген 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес Абай облысында идеологиялық тұрғыдан ескірген 46 көшені қайта атау жоспарланған.

          Бүгінгі күні Үржар және Жарма аудандары бойынша 6 көшенің атауын қайта атау бойынша құжаттар облыстық комиссияның қарауына ұсынылды.

          Сонымен қатар Семей қаласының 12 көшесін қайта атау мәселесі тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік халқының пікірін ескере отырып,  Семей қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясында жан-жақты талқыланып, қалалық әкімдік пен мәслихаттың бірлескен шешімімен құжаттар Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізілді.

          Бұдан бөлек, Курчатов қаласында және Бородулиха, Аягөз, Көкпекті, Ақсуат аудандарында осы бағыттағы жұмыстар жүргізілуде.