Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай арнайы әзірленген ресми логотип бекітілді.
Бұл таңба – Абай мұрасының терең мағынасы мен рухани құндылықтарын насихаттауға бағытталған мерейтойлық іс-шаралардың бірегей символына айналмақ. Логотипте Абайдың даналық бейнесі көрініс тапқан.
Ресми логотип алдағы уақытта барлық республикалық және өңірлік деңгейдегі мәдени, ағартушылық іс-шараларда, сондай-ақ ақпараттық өнімдер мен жарнамалық материалдарда кеңінен қолданылатын болады.