Абай облыстық шахмат чемпионатының қатысушалары

Абай облыстық шахмат чемпионатының қатысушалары

21-29 наурыз аралығында Семей қаласында Наурыз мерекесіне арналған Абай облысының шахмат чемпионаты өтті. Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі қолдау көрсеткен бұл жарысқа Бородулиха ауданынан Глухов Никита (Ивановка орта мектебі) және Эммерт Николай (Н. Островский атындағы орта мектеп) қатысып, өз бапкері Эммерт В.Я.-ның шәкірттері ретінде өнер көрсетті.
Жарыстар үш бағдарлама түрі бойынша өтті: Классика (1 сағат 30 минут), Рапид (10 минут + 5 секунд) және Блиц (3 минут + 2 секунд). 56 қатысушы арасында Классика санатында Глухов Никита жеңіске жетіп, Эммерт Николай 8-орын алды. Блицте Никита 3-орынға ие болса, Николай 17-орынға тұрақтады. Рапидте екі қатысушымыз да турнирлік кестенің ортасынан орын алды, бұл сөзсіз – біздің шахматшылар үшін лайықты нәтиже!
Жалпы жарысқа 150-ден астам шахматшы қатысып, жас мөлшеріне шектеу қойылмады. Жас спортшыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз! Біздің ауданда шахмат ардагерлері мен әуесқойларына лайықты ізбасарлар өсіп келе жатқанына қуаныштымыз!