Бүгін, 22 сәуірде Бородулиха ауданында "Жасыл аймақ" апталығы "Бородулиха ауданының реликті орманын сақтайық"атты кең ауқымды облыстық ағаш отырғызу акциясынан басталды!

Өңір басшысы Нұрлан Уранхаев, Бородулиха ауданының әкімі Айдар Ибраев бастаған Абай облысы әкімінің аппаратын қоса алғанда, 1000-нан астам адам, сондай-ақ барлық ауылдық округтердің, мектептердің, мекемелер мен ұйымдардың, дербес бөлімдердің өкілдері осы маңызды іс-шараға қатысты. Бұл маңызды іс-шараға Шәкәрім университеті, Инновациялық колледжі, Әлихан Бөкейханов атындағы, СММУ, М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі , көлік колледжі және геологиялық барлау колледжі студенттері сондай-ақ ОДЮСШОР Ж. Үшкемпіров атындағы спорт мектебінің тәрбиеленушілеріде. қатысты.
Акция аясында Воскресеновка ауылының маңындағы 10 гектар орман алқабының аумағында 20 мыңнан астам қарағай көшеті отырғызылды. Бұл біздің экологиямыз бен биоәртүрлілігіміз үшін үлкен маңызы бар реликті борды сақтаудағы маңызды қадам.
Акцияның барлық қатысушыларына өңіріміздің табиғаты мен болашағын сақтауға қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз.