Бородулиха ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі бизнестің

Бородулиха ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі бизнестің

Бородулиха ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсқа қатысу ушін жеке кәсіпкерлік субъектілер өтінімдерді қабылдайды.

"Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын" номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;

Конкурста "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" арнайы сыйлығы бекітіледі.

Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.

Конкурсқа катысуға:

1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;

2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;

3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;

4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;

5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;

6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.

Конкурсқа катысу үшін үміткерлер жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөліміне материалдарды екі данада, қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады, оларда:

1) толтырылған өтінім;

2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады;

Үміткердің есебінде:

заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;

ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат;

3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);

4) Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.

Материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияландыру күнінен кейін 1 шілдеге дейін жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінде Бородулиха ауылы, Молодежная көшесі, 25 үйі, тел.2-24-85, мекен жайы бойынша қабылданады.