Петропавловка ауылдық кітапханасында Мұрат Мұхтарұлы Әуезовке арналған кітап көрмесі ашылды

Петропавловка ауылдық кітапханасында Мұрат Мұхтарұлы Әуезовке арналған кітап көрмесі ашылды

Мұрат Мұхтарұлы Әуезов — қазақстандық қоғам қайраткері, мәдениеттанушы. Филология ғылымдарының кандидаты.

Ол – 1943 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында Жамбыл облысы, Меркі кентінде дүниеге келген.

Қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезов пен оның 1937 жылы атып өлтірген досы Ілияс Жансүгіровтың жесірі Фатима Ғабитованың некесіз (бірақ ресми танылған) ұлы.

Мұрат Мұхтарұлы Әуезов – мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тарлан сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, ҚР Журналистика академиясының академигі, заңғар жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің баласы.

Қазақ КСР Ғылым Академиясының Философия және құқық институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

1990 жылы ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің халық депутаты болып сайланды.

1992 жылғы желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы елшілерінің қатарында Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы елшісі болып тағайындалды, Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі дипломатиялық дәрежесіне ие болды.

Петропавловка ауылдық кітапханасында Мұрат Мұхтарұлы Әуезовке арналған кітап көрмесі ашылды.