Біз «Халық заңгері» республикалық акциясын өткізуді қайта бастаймыз, осы акция шеңберінде кез келген адам заң туралы тегін консультация алып, мемлекеттік органдарға тікелей жүгіне алады.
Акция 31 қазан күні сағат 17:00-де өтеді. Өтетін орны: Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 69 (аудан әкімдігі ғимараты), сондай-ақ Жезкент кенттік, Сахарова көшесі, 1а (Мәдениет үйі ғимараты).
Мемлекеттік органдар, ауданың заңгерлері мен адвокаттары азаматтарды қабылдап, кез-келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа консультация беретін болады. Кіру тегін. Неғұрлым толық және нақты ұсыныстар алу үшін ісіңіз бойынша құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз.