Бородулиха ауданы мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік тілді үйренуі туралы ақпарат

Бородулиха ауданы мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік тілді үйренуі туралы ақпарат

         Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына,Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және позициясын нығайту бағытында жоспарға сай Бородулиха ауданы бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.
        Аудан көлемінде:
- Оқыту курстары ұйымдастырылады. Жыл сайын мемлекеттік қызметшілер үшін мемлекеттік тілін оқыту курстары өткізіліп, тыңдаушылардың қатысуына жағдай жасалуда.
- Қазақ тілін деңгейлік оқыту (А1, А2, В1, В2) бағдарламалары енгізілген. Қызметшілер тілдік деңгейін кезең-кезеңімен көтеріп, сертификаттар алады.
- Практикалық қолдану күшейтілуде. Мемлекеттік органдарда құжат айналымының 90%-дан астамы мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қызметшілердің жиналыстар мен іс-шараларды қазақ тілінде өткізу тәжірибесі артып келеді.
- Әдістемелік қолдау көрсетілуде. Қазақ тілін оқыту орталықтары, облыстық тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп, әдістемелік құралдар, оқу әдебиеттері ұсынылады.
- Үздік қызметкерлер ынталандырылады. Қазақ тілін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілердің тәжірибесін насихаттау мақсатында байқауларға, іс-шараларға қатысуы қамтамасыз етіледі.

         2025 жылдың бірінші жартыжылдығында аудан бойынша мемлекеттік қызметшілердің 60%-ы қазақ тілін еркін меңгеріп, күнделікті қызметтік міндеттерін мемлекеттік тілде атқарады. Қалған қызметшілер үшін жоспарлы түрде оқыту курстары мен тілдік практикумдар жалғасуда.

Қазақстан Республикасында тілсаясатын дамытудың 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және позициясын нығайту бағытында мемлекеттік қызметшілердің,мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін ҚАЗТЕСТ жүйесінің кестесіне сәйкес,  Семей қаласында  ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы бірлесіп, Қазтест ақылы сертификаттық тестілеу және ақысыз диагностикалық сынағы сәуір айында  өткізді. Осы тестке ауданымыздың әрбір округтерінен  мемлекеттік қызметкерлер мен мекеме тыңдаушыларынан 51 адам  қатысып,  өз білімдерін шыңдады.

        Аудан әкімдігі тарапынан мемлекеттік қызметшілердің қазақ тілін меңгеруін қолдау әрі бақылау тұрақты түрде жүргізіледі.