2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

 

2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-баптарына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 4045289 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 2853987 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 19618 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 767 теңге;

трансферттер түсімдері – 1170917 мың теңге;

2) шығындар – 3297289 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 36049 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 110287 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 74238 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  - 711951 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –  711951 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі –110287 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 822238 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.

  1. «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Абай облысы мәслихатының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 32/212-VIII шешімімен белгіленген, 2026 жылға аудан бюджетіне әлеуметтік салық 1%, мөлшерінде нормативтерді орындауға қабылдансын.
  2. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтерге берілетін бюджеттік субвенцияның көлемі 283556 мың теңге сомасында ескерілсін, соның ішінде:

Андреевка ауылдық округіне

32764 мың теңге;

Бақы ауылдық округіне

10230 мың теңге;

Белағаш ауылдық округіне

9608 мың теңге;

Дмитриевка ауылдық округіне

11706 мың теңге;

Жерновка ауылдық округіне

21899 мың теңге;

Зубаир ауылдық округіне

16095 мың теңге;

Құнарлы ауылдық округіне

20153 мың теңге;

Красный Яр ауылдық округіне

24710 мың теңге;

Новодворовка ауылдық округіне

15637 мың теңге;

Новошульба ауылдық округіне

38295 мың теңге;

Новопокровка ауылдық округіне

26243 мың теңге;

Переменовка ауылдық округіне

667 мың теңге;

Подборный ауылдық округіне

12894 мың теңге;

Степной ауылдық округіне

17220 мың теңге;

Таврия ауылдық округіне

25435 мың теңге.

  1. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2026 жылға арналған резерві 57488 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. 2026 жылға арналған аудандық бюджеттен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне нысаналы трансферттерді бөлу Бородулиха ауданы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.
  3. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен 727817 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін.

Облыстық бюджеттен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне 2026 жылға арналған нысаналы трансферттерді бөлу Бородулиха ауданы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.

  1. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 210466 мың теңге сомасында көзделсін.
  2. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 110287 мың теңге сомасында кредиттер көзделсін.
  3. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Дата публикации
26 января 2026