Балаларды Қорғау күні

Балаларды Қорғау  күні
Балалар күніне арналған бүгінгі мерекелік шараны ұйымдастыруға демеушілік көрсетіп, қолдау білдірген барлық шаруа қожалықтарына шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
 
Жиналған 225 000 теңге қаражатқа төмендегідей заттар сатып алынды:
* аниматорларға арналған костюмдер,
* көпіршіктер (сабынды көпіршіктер),
* балалар биіне арналған сахналық костюмдер,
* белсенді қатысқан балаларға арналған сыйлықтар.
 
Арнайы алғысымызды төмендегі демеушілерге білдіреміз:
1.«Бекет Агро» ЖШС – Бекетов Станислав Александрович — 100 000 теңге
2.«Раушан» ШҚ – Оразев Талгат Айткалиевич — 65 000 теңге
3.«Алмакос плюс» ЖШС – Бекетов Виктор Александрович — 30 000 теңге
4.«Береке» ШҚ – Курманбаева Кульдария Женисовна — 30 000 теңге
 
Балаларға балмұздақпен қуаныш сыйлаған дүкендерге ерекше алғысымызды білдіреміз:
* «Алтай» дүкені – Аверина Оксана Геннадьевна
* «Шанс» дүкені – Козлова Ярослава Игоревна
* «Угловой» дүкені – Шаклеина Светлана Николаевна
 
Сонымен қатар шын жүректен алғысымызды білдіреміз:
* Новодвор ауылдық округінің Мәдениет үйі қызметкерлеріне,
* шараларымызға үнемі қолдау білдіретін ақсақалдар алқасының мүшелеріне,
* мерекеге белсенді қатысып, шаттық сыйлаған барлық балаларға.
 
Баршаңызға шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз!
Қолдауларыңыз бен атсалысуларыңызға мың алғыс!