📢1-сыныпқа қабылдау

📢1-сыныпқа қабылдау

ҚҰМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

 

«Абай облысының білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің 1-сыныпқа қабылдау бойынша төмендегіні хабарлайды: «Білім туралы» 2017 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармақшасына сәйкес, 1-сыныпқа балалар алты жастан қабылданады. Аталған норма 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылуда.

Бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының 1- сыныбына, ата-аналардан немесе балалардың заңды өкілдерінен құжаттар қабылдау ағымдағы жылдың                        1 сәуірден 30 тамызға дейін сағат 9:00-де жүргізіледі. 1-сыныпқа қабылдау egov.kz порталы арқылы іске асырылады (өтінішті уйден электронды сандық қол арқылы жолдауға болады (ЭЦП)

1-сыныпқа өтініш беруде көрсетілген құжаттардың сканерленген көшірмелерін жүйеге бекіту қажет:

         1) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

         2) 052-2/е «Баланың денсаулық паспорты» медициналық анықтамасы;

         3) 065/е «Профилактикалық егу картасы» медициналық анықтамасы;       

4)  3х4 см  көлеміндегі фото

5) Шағын учаске бойынша/шағын учаске бойынша емес көрсеткіш толтырылады.

        

Назар аударыңыздар!

Барлық құжаттардың тек қана жақсы оқылатын көшірмелерін жүктеу қажет. Дұрыс емес (оқылмайтын) құжаттарды салған жағдайда, Сіздің өтінішіңіз мақұлданбайды.

  • Білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініш мақұлданбаған жағдайда, өтініш беруші өтінімді қайтадан бере алады;
  • Егер мектепке қабылдауға өтінім берілсе және өтінім қарастыруда болса, өтінішті қайтадан беру мүмкіндігі болмайды;
  • Мектепке қабылдау туралы жауапты алған жағдайда, мектепке құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажет.

Өтінішті берген кезде өзекті байланыс деректерін (ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта) көрсету қажет. Көрсетілген электрондық пошта мен телефон нөміріне ескерту түріндегі хабарлама жіберіледі.