Облыс орталығында өткен «Тоқта, алаяқ!» үш күндік акциясына 500-ден аса студент қатысып, ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында тұрғындарға интернет-алаяқтықты болдырмау және жеке деректерді қорғау түсіндірілді.
Науқанға полиция қызметкерлері мен еріктілер атсалысып, азаматтарға онлайн алаяқтардың әдістері туралы ақпарат берді.
«Тоқта, алаяқ!» акциясы 28-30 қаңтар аралығында өтті.