
▫️Абай облысы білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев республикалық кадрлық резервке қабылданған педагогтермен кездесті. Бұл кездесудің басты мақсаты – білім беру саласындағы кәсіби дамуды қолдау, педагогтердің тәжірибе алмасуына жағдай жасау және жаңа идеяларды ортаға салу.
✅Кездесу барысында педагогтер өздерінің кәсіби тәжірибелерін ортаға салып, оқыту әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістерін таныстырды. Олар кадрлық резервке қабылданғаннан кейінгі жаңа міндеттері мен жауапкершіліктері туралы ой қозғап, білім беру жүйесін одан әрі дамытуға дайындық мәселелерін талқылады.
🗣️Іс-шара еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар көшбасшылықтың педагогикалық ұжымға әсері мен мектеп басшыларының мотивацияны арттырудағы рөлі туралы пікір білдірді. Сонымен қатар пәндік құзыреттілікті дамыту, білім беру талаптарына бейімделу және кәсіби өсуді қамтамасыз ету мәселелері талқыға салынды.
▫️Кездесу қорытындысында Нұржан Ахметқалиев республикалық кадрлық резервке енген педагогтердің білім беру жүйесінің дамуындағы маңызды рөлін атап өтіп, мұндай іс-шаралардың олардың кәсіби дамуына айрықша ықпал ететініне сенім білдірді.
Қатысушылар кездесу барысында айтылған идеялар мен ұсыныстардың білім сапасын арттыруға серпін беріп, педагогтерге жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім артты.
Еске салсақ, өткен жылы кадрлық резервке Абай облысынан 15 педагог енсе, биыл «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының екінші легіне тағы 11 педагог қабылданды.