
Көкпекті ауданында мектеп директорларына жиналыс өтті. Абай облысының білім басқармасының басшысы оқыту сапасын арттыру және мектеп инфрақұрылымын жақсарту мәселелері басты назарда болу керектігін атады.
▫️Мектептердегі материалдық-техникалық базаны жақсарту, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және психологиялық қызметтердің жұмысын жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру қажеттігін ескертті.
📌Жиында мектеп басшыларына педагогикалық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, басқарушылық дағдыларын дамыту және мектептердегі тәрбие жүйесін жақсарту мақсатында тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар санитарлық талаптардың сақталуы мен жол қауіпсіздігі мәселелеріне де ерекше назар аударылды.