Республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының облыстық кезеңінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының  облыстық кезеңінің  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Адамгершілік қарым-қатынасты тәрбиелеу және адамдарға құрметпен қарауды белсенді өмірлік ұстаным мен патриотизмді тәрбиелеу мақсатында  республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының облыстық кезеңі 2024 жылдың 10 сәуірінде Семей қаласының «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында өткізілді.

Байқауда аудандық, қалалық кезеңінің 33 жеңімпазы атанған жалпы білім беретін ұйымдардың 8 - 11 сыныптарының оқушылары өз бақтарын сынады.

 

  1. «Ілияс - эпик ақын» - шығарманы жалғастыру номинациясы бойынша:

І-ші орын Жарма ауданы «Қажыкелді атындағы негізгі мектебі» КММ оқушысы Аманжол Арман

ІІІ-ші орын Семей қаласы «№ 21 ЖОББМ» КММ оқушысы Салауатова Ания

 

  1. «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» - жас ақындар номинациясы бойынша:

І-ші орын Абай ауданы «ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ оқушысы Серікболұлы Сырым

ІІ-ші орын Аягөз ауданы «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ Арман Аружан

ІІІ-ші орын Ақсуат ауданы «К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ оқушысы Дулатұлы Ақжол

ІІІ-ші орын Жарма ауданы «Т. Хасенұлы атындағы орта мектебі» КММ оқушысы Молжигитова Томирис

 

  1. «Ілияс – қарасөз шебері» - көркемсөз оқу номинацисы.

І-ші орын Абай ауданы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының оқушысы Жаныбекқызы Балғын

ІІ-ші орын Аягөз ауданы «№5 ЖББОМ» КММ оқушысы Салиқанова Ақниет

ІІІ-ші орын Абай ауданы «Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ оқушысы Оралбекова Зухра

  1. «Сұлу сөздің сүлейі» - номинациясы бойынша:

І-ші орын Семей қаласы «Shakarim High Shool» оқушысы Мауткаримова Алинур

ІІ-ші орын Абай ауданы «Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ оқушысы Жарылқасынова Ақгүл

ІІІ-ші орын Аягөз ауданы «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ оқушысы Әділғазы Айым

 

  1. «Заманның заңғар тұлғасы» - буктрейлерлер номинациясы бойынша:

І-ші орын Семей қаласы «Shakarim High Shool» оқушысы Алимбаева Бота

ІІ-ші орын Абай ауданы «Бірлік орта мектебі» КММ оқушысы Қанат Қадиша

ІІІ-ші орын Абай ауданы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының оқушысы Манатова Нұрай.

 

Республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының облыстық кезеңінің Жеңімпаздарын құттықтаймыз!