2024 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын ұйымдастыру бойынша жиын ұйымдастырылды.

2024 жылғы жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын ұйымдастыру бойынша жиын ұйымдастырылды.

✔️Семинар-кеңес Абай облысы білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиевтің төрағалығымен өтті. Іс-шара жазда балалардың бос уақытын және жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға арналды.

Семинар мақсаты - жазғы демалыспен толық қамту үшін жағдай жасау, балалардың бос уақытын, сондай-ақ балалардың белсенді демалысын ұйымдастыру, зияткерлік-шығармашылық және спорттық-сауықтыру қызметі процесінде олардың қабілеттерін жан-жақты дамыту.

Қалалық, аудандық білім бөлімі басшылары, білім бөлімі мамандары, қосымша білім беруді ұйымдастыру жөніндегі әдіскерлер және балалар сауықтыру лагерлерінің директорлары қатысты.

Жиынға Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау департаментінің білім беру және тәрбие объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің, полиция департаменті жергілікті полиция қызметі, Азаматтық қорғаныс басқармаларының мамандары және Абай облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі жиналды.

✅Кеңесте 2024 жылға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы айтылды. Сондай-ақ балалар лагерлерінің, оның ішінде сауықтыру лагерлерінің жұмысын ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы сұрақтар қозғалды. Балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері, жазғы кезеңде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қараусыздық пен панасыздықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан мәселелер көтерілді.

📍Басқарма басшысы жазғы сауықтыру лагерлерінің барлық талапқа сай жүргізілуіне қатал талап қойды. Сондай-ақ балалар лагерьлеріндегі жұмыстардың сапалы жүргізілуі, балалар қауіпсіздігі басқарма бақылауында болатынын жеткізді.

Шара соңында ҚР ОМ әзірлеген 2024-2026 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар таныстырылды.

Айта кетейік, 2024 жылы облыс бойынша 10 сауықтыру лагері жұмыс істейді.