Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 09 сәуірде Семей қаласының «Сад-ясли «Алтын бесік» ЖШС-де мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлеріне және тәрбиешілеріне арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Дәстүрімнің балқаймағы» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Облыстың мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларынан 50-ге жуық педагогтері қатысып, мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық құндылықтарды ойын арқылы дамыту тақырыптарында кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеттердің көріністеріне қатысты.
Семинар бағдарламасының «Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы» бөлімінде мектепке дейінгі ұйымдарда ойын әрекетінде қолдануға бірнеше ұлттық ойын түрлері ұсынылды. Балабақшаның әжелер мектебі жұмысының аясында ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу арқылы шағын көріністерімен жалғасты.
Облысымыздың оң ауданынан келген семинар қатысушылары өз әдістемелік қоржындарына тәжірибе жинап, соңында алған әсерлерімен бөлісіп «Алтын бесік» педагогикалық ұжымына алғыстарын білдірді.