Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған Республикалық студенттер форумы өтті

Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған Республикалық студенттер форумы өтті

Қаныш Сәтбаевтың өмірін, ғылыми мұрасын жастар арасында кеңінен насихаттау, жастарды кәсіби тұрғыда өзін-өзі тануға ынталандыру, дарынды жастардың жетістіктерін қолдау мақсатында Геологиялық барлау колледжінде Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған  «Жастар жаңа геологиялық жаңалықтар жолында» атты Республикалық студенттер форумы (04.04.2024 ж.) өтті.

Форум облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының әдіскері Рақымжанова Ғалия Махсутқызы мен колледж директоры Минаева  Назигуль Тлеуғазықызының құттықтау сөзімен ашылды. Қатысушыларға байқау шарттары мен кезеңдері түсіндіріліп, Геологиялық барлау колледжінің өнерлі студенттері ән-жырдан шашу шашты.

Форумға  Жамбыл облысы «Жаңатас көпсалалы колледжі» (Жаңатас қаласы), Ақмола облысы «Тау-кен техникалық колледжі» (Степногорск қаласы), Қарағанды облысы «Қарағанды жоғары  политехникалық колледжі» (Қарағанды қаласы), Павлодар облысы «Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» (Екібастұз қаласы), Шығыс Қазақстан облысының «Риддер колледжі» (Риддер қаласы) мен Абай облысынан «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі» мен «Геологиялық барлау колледжі» (Семей қаласы) қатысты.

Командалар байқаудың бірінші кезеңі «Техникалық кейстер» байқауында төмендегі бағыттар бойынша сынға түсті.  

1-бағыт: ҚР пайдалы қазбаларының кен орындары.

2-бағыт: Компаспен жұмыс.

3-бағыт: Тау-кен геологиялық жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

         Екінші кезеңде  «Қаныш Сәтбаев – қазақтың көрнекті ғалымы», «Сәтбаев – қазақ халқының даңқты перзенті», «Қаныш Сәтбаевтың мұрасы» тақырыптарындағы бейнероликтерін қорғады.

Үшінші кезеңде Қаныш Сәтбаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын, алдын ала дайындалған шығармашылық қойылымдарын ұсынады.

Форумның жабылу салтанатында Геологиялық барлау колледжінің студенттері Қаныш Сәтбаевтың өмірінің бір кезеңін қамтитын «Қаныш-Қазына» қойылымын сахналады.

Форум қорытындысы бойынша Павлодар облысы «Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» (Екібастұз қаласы) – І орын, Жамбыл облысы «Жаңатас көпсалалы колледжі» (Жаңатас қаласы) - ІI орын,  Шығыс Қазақстан облысының «Риддер колледжі» (Риддер қаласы) –ІІІ орынды жеңіп алды.

Ақмола облысы «Тау-кен техникалық колледжі» (Степногорск қаласы) – «Шығармашылық шеберлік», Қарағанды облысы «Қарағанды жоғары  политехникалық колледжі» (Қарағанды қаласы) – «Үздік видеоролик», Абай облысынан «Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі»  - «Сәтбаев мұрагерлері», Геологиялық барлау колледжі– «Жұлдызды Сәтбаевшылар» номинациясын иеленді. Жеңімпаз командалар Абай облысы білім басқармасының дипломдарымен, номинациялармен, қатысушылар сертификатпен марапатталды, қонақтарға естелік сыйлықтар табысталды.