Абай облысы білім басқармасы Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының (ОИӘО) мобильді тобы облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары мен әдіскерлері үшін ZOOM платформасы арқылы 2024 жылдың 5 наурызда педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
ОИӘО басшысы А. С. Исабаева аттестаттау қағидаларының негізгі философиясы, академиялық адалдық және аттестаттау рәсімін өткізу кезінде педагогикалық этиканы сақтауды назарға алу керектігін айтты.
ОИӘО педагогикалық кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту бөлімінің басшысы Н. Б. Бейсембаева және мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы А. Ж. Жумагулова аттестаттау қағидаларының, шарттары мен тәртібінің негізгі тараулары бойынша егжей-тегжейлі түсіндірме берді.
Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 15-бабы 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес педагогтерді аттестаттау бес жылда бір рет, ал білім беру ұйымдарының бірінші басшылары Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 44-бабы 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет өткізілетіні ескертілді.