Фестиваль-байқау балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары - жас музыканттар арасында өтті. Байқау оқушыларда музыкалық-эстетикалық тәрбиені жетілдіру, орындаушылық шеберлігін арттыру мақсатында жылда ұйымдастырылады. Сондай-ақ заманауи қоғамда музыкалық өнерді насихаттап, жастар бойында рухани адамгершілікті дамыту, танымдық қызығушылық пен эмоциялық қабылдауын қалыптастыруда маңызы зор.
Конкурс ішекті, үрлемелі жене соқпалы аспаптар сыныбы бойынша білім алушылардың жеке орындауы мен ұжымдық орындау номинациясында өтті. Облыстық кезеңге 18 жеке қатысушы, 4 ансамбль қатысты. Жас музыканттар скрипка, альт, виолончель сияқты аспаптарда шығармашылық өнерлерін сүйемелдеп, туындыларын көрсетті.
Конкурс нәтижесі бойынша ішекті аспаптар номинация жеңімпаздары:
Бас жүлде - Нұржанқызы Нұрай, Семей қ. №1 Балалар музыка мектебі;
І дәрежелі диплом - Камералық оркестрі, Семей қ. №1 Балалар музыка мектебі;
І дәрежелі диплом - Тұрсынханов Алинұр, Семей қ. №1 Балалар музыка мектебі;
ІІ дәрежелі диплом - Виолончель ансамбль, Семей қ. №1 Балалар музыка мектебі;
ІІІ дәрежелі диплом - Кабзоллина Алуа, Семей қ. №1 Балалар музыка мектебі;
ІІІ дәрежелі диплом - Ибраева Жасмин Семей қ. Татар өнер мектебі;
Үрмелі аспаптар бөлімінің жеңімпаздары:
Бас жүлде - Антонин Дмитрий Семей қ. Татар өнер мектебі;
ІІ дәрежелі диплом - Урусканова Милана, Семей қ. Татар өнер мектебі;
ІІ дәрежелі диплом - Девятова Есения, Семей қ. Татар өнер мектебі;
ІІІ дәрежелі диплом - Мекенбаева Айымжан, Бесқарағай балалар өнер мектебі.
Барлық жүлделі болған 8 солист, 2 ансамбль сәуір айында өтетін республикалық кезеңде бақ сынайды.
Айта кетейік, былтыр конкурсқа облыс бойынша 13 жеке қатысушы, 10 хор ұжымы қатысқан. Биыл жас музыканттар әр номинацияда үш санат бойынша бәсекеге түсті: кіші жас тобы - 10 жасқа дейін (9 жасты қоса алғанда); орта жас тобы - 10 жастан 13 жасқа дейін (12 жасты қоса алғанда); ересек тобы - 13 жастан 18 жасқа дейін (17 жасты қоса алғанда).