«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың бірінші республикалық байқауы өтті

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың бірінші республикалық байқауы өтті

2023 жылғы 1 желтоқсанда Қарағанды ​​облысы әкімдігінің, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің облыстық департаменті және «Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қарағанды ​​қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инновациялық шешімдер» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың бірінші республикалық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – инновациялық идеяларды, өзекті ғылыми-техникалық және цифрлық шешімдерді әзірлеу және енгізу мақсатында азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа тарту.

Байқауға «Жезкент кентінің мектеп-лицей»КММ 8«А» сынып оқушысы Амангельдыев Нұрали Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың нақты көріністері негізінде әзірленген «Сатылмайтын Алпамыс – оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауын дамыту құралы» атты компьютерлік ойынын ұсынды.

Байқау қорытындысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар» бағыты бойынша  Амангельдыев Нұралиүздік жоба үшін 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.