(8-11) 12 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі

(8-11) 12 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі

Абай облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2023 жылғы 23-24 қараша күндері (8-11)12 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша  республикалық зерттеу жобаларыконкурсының

облыстық кезеңін (бұдан әрі - Конкурс) өтті.

Негізгі мақсаты– оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.

Конкурстың міндеттері:

  • Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;
  • Ең талантты және дарынды зерттеушілерді іріктеу және қолдау;
  • Оқушылардың үздік зерттеу жетістіктері мен өнертабыстарын көрсету және насихаттау;
  • Оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту мәлелеріне қоғамның назарын аудару және ғылыми-зерттеу ресурстаын тарту.

Облыстық конкурстың қатысушылары зерттеу жобалар  конкурсынанекінші іріктеу (тестілеу) кезеңдерінен өткен Абай облысының жалпы білім беру мекемелерінің   (8-11)12 сыныптарының оқушылары. Екінші іріктеу (тестілеу) кезеңіне өткен қатысушылар тізімі.

https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-bilim/documents/details/562825?lang=kk