
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық "Алтын тұғыр" математикалық олимпиадасы өңірлерде басталды.
Үш кезеңннен тұратын олимпиаданың мақсаты: мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру. Олимпиада мұғалімдердің кәсіби дағдыларын арттыруға ықпал етіп, зерттеушілік және шығармашылық тұрғыдан шыңдалуға, математикалық оқыту процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
2023 жылғы 3 қарашада бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған олимпиадаға 10 ауданнан 530 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Жоғары көрсеткіш көрсеткен 80-нен астам бастауыш сынып мұғалімі 2024 жылғы қаңтар айында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, олимпиада жылына бір рет ҚР Оқу-ағарту министрлігі "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтеді.