
Курчатов қаласында «Құндылықтарға негізделген білім мен тәрбие-болашақ кепілі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтеді
Өткізілетін мерзімі: 20қазан2023 жыл
Басталуы:сағат: 8.30
Өтетін орны: Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімі «№4 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімі «Журавушка» балабақшасы
В рамках областного проекта «Мерейлі ұстаз», в соответствии с обновленным содержанием образования, в 10-11 классах в категории сложных тем проводятся мастер-классы с целью совершенствования навыков ведения работы по реализации ценностно-ориентированного обучения по предметам, демонстрации модели функционирования межпредметных связей;
Мектеп, ата-ана, оқушы ынтымақтастығын нығайту, тұлға бойына құндылыққа толы тәрбие беруді жолға қоюдағы озық тәжірибелерімен бөлісу үшін «Тәрбие құндылықтарының моделі» тақырыбында мастер-класс;
Функционалдық сауаттылық дағдыларын арттыра отырып, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру және мұғалімдердің кәсіби дамуына ықпал ету негізінде жобаларды жүзеге асыруіс-тәжірибелері таратылады.
Семинар-практикумда эмоционалды интеллект негіздері бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Іс- шараның мақсаты: Құндылықтарға негізделген білім мен тәрбие беру мақсатында педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың іс-тәжірибелерімен бөлісу.
Іс - шараға қатысушылар:Абай облысы білім басқармасының мамандары,«Облыстық инновациялық-әдістемелік орталық» КММ-нің әдіскерлері, аудан, қала білім бөлімдерінің әдіскерлері,барлық орта білім беру ұйымдарының директорлары, орынбасарлары, педагогтері, балабақшалардың әдіскерлер.
Жалпы қамтылуы:100 адам
Ұйымдастырушы спикер:«Абай облысы білім басқармасы» ММ
«Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ
Іс-шараның нәтижесі:Тұлға бойына құндылыққа толы білім мен тәрбие беруді жолға қоюдағы озық тәжірибелерімен алмасады.