Білім басқармасы педагогтерді аттестаттау ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс білім
мекемелері қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасында аттестаттаудан өтуі, педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібі, жыл ішінде педагогтың білімін бағалауы, тест сұрақтарының мазмұны, педагог-зерттеушілер мен педагог-шеберлердің жұмыс тәжірибесін тарату тәртібі түсіндірілді.
Облыстың барлық мектептерінде аттестаттаудың жаңа ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жалғастырылуда.