МҰҒАЛІМДЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН «ҰСТАЗДЫ ҰЛЫҚТАУ - ҮЛКЕН МӘРТЕБЕ» ОБЛЫСТЫҚ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ.

МҰҒАЛІМДЕР  КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН «ҰСТАЗДЫ ҰЛЫҚТАУ - ҮЛКЕН МӘРТЕБЕ» ОБЛЫСТЫҚ САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ.

Мақсаты: педагог мамандығының қоғамдағы мәртебесін арттыру, әрбір педагог өз оқушылары мен олардың ата-аналарының, әріптестері мен серіктестерінің алғысын, қолдауын сезіне алатын ерекше мерекелік орта құру.

Шараға облыс әкімі Н.Т.Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы К.С.Сулейменов, Білім басқармасының басшысы Н.Н.Ахметкалиев, білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.М.Ибраев қатысты. Сондай-ақ қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, педагогтер жиналды.

Мерекелік шараға облыс бойынша 500-ге жуық мұғалім қатысты. Шара барысында үздік ұстаздар Оқу-ағарту министрлігінің, облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың, облыстық кәсіподақтың, білім басқармасының төс белгілерімен және мақтау қағаздарымен марапатталды.  

«Қоғамның басты байлығы болған адамның «адамшылығы жақсы ұстаздан» - дейді хәкім Абай. Еліміздің бәсекеге қабілетті болуы да, қоғамның ілгері дамуы да, Абай айтқан «толық адам» формуласының іске асуы да Ұстазға байланысты! Олай болса, әрқайсымыз, өткеніміз бен болашағымыз алдындағы жауапкершілік жүгін жете түсініп, бірлесіп жұмыс атқарайық», - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев өз сөзінде.

Облыс көлемінде білім беру ұйымдарында мұғалім күні қарсаңында «Ардагер ұстазбен бір күн», «Дублер күні», «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтады», «Жаныңда жүр жақсы адам...» акциялары, «Мерейлі ұстаз» бейнероликтер байқауы, БАҚ өкілдері арасында «Шабыт қаламы: қоғамдағы педагог мәртебесі» іс-шарасы өтті.

Қатысушылар құрметіне концерттік бағдарлама ұсынылды.