«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» мектепалды даярлық және шағын орталық тәрбиешілеріне ұсынылды

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» мектепалды даярлық және шағын орталық тәрбиешілеріне  ұсынылды

Ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, ел бірегейлігін нығайтуға, әділетті қоғам құруға қабілетті білімді, адал ұрпақты тәрбиелеуді көздейтін «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» облыстың жалпы орта білім беру мекемелеріндегі мектепалды даярлық сынып және шағын орталық тәрбиешілеріне арналған  облыстық семинар өткізілді.

Семинар барысында модератор А. Ж. Жумагулова мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптарда, шағын орталықтарда 2023-2024 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процессін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы түсіндірме берді.

Семинар спикерлеріСемей қаласы ата-аналар қоғамдастығының төрайымыӨтеуова  Лунара  Бекболатовна, Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық- әдістемелік орталығы» КММ тәрбие жұмысы бөлімінің басшысыАйдар Абдихатұлы Абдухамитов, «Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Лаура Толегеновна Карипбаева «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» туралы маңызды ақпарат ұсынып, бағдарламаның өзектілігімен жасалған  жоба жоспарына тоқталып, ата-ана институтын құру жолдарына тоқталды.

Семинар соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, тәжірибе алмасты.