
2023жылғы 14 қыркүйекте Спорттық робототехника бойынша «KazRoboSport-2023» республикалық чемпионатының облыстық кезеңі өтті.
Чемпионат IT саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, «Инженерия» және «Спорттық робототехника» бағыттарын насихаттау мақсатында «10+» және «14+» жас санаттарында өткізілді.
Чемпионатты ұйымдастырушы - Абай облысының білім басқармасы, Абай облысы білім басқармасының инновациялық - әдістемелік орталығы, Қазақстан Республикасының «Казроботикс» білім беру және спорттық робототехника Федерациясы.
Жарыс «ASYQ ATU», «AQ SUIEK»құзыреттіліктері бойынша ұйымдастырылды. Ал чемпионат жеңімпаздары біздің облыстың атынан республикада өтетін сайысқа қатысатын болады.
Судьялар корпусы облыстың білім беру ұйымдарының тәжірибелі робототехника педагогтерінен құралды.
«ASYQ ATU»номинациясы бойынша Чемпионаттың жеңімпаздары келесі командалар болды:
І орын - Бесқарағай ауданы, Беген ауылы «Беген орта мектебі» «JasKyrandar» тобы: Сапарбеков Адлет Арманұлы, Қазрап Мадияр Бахтиярұлы.
ІІ орын - Көкпекті ауданы, Тассай ауылы «Ауезов орта мектебі» «Керемет» тобы Жунусбеков Даулет, Токенов Дидар.
«AQ SUIEK»номинациясы бойынша Чемпионаттың жеңімпаздары келесі командалар болды:
І орын - Семей қаласы, «№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» «Жас қыран» командасы, Сапаралы Азат, Қабыкенов Әділжан №2, 2 участника
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және робототехниканы игеруде табыс тілейміз!