Абай облысының барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылды
Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында білімнің басымдығы мен маңыздылығын және жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыруда алғашқы қоңыраудың маңызы зор.
Облыс бойынша бүгін 11 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттады.
Семей қаласы Шәкәрім атындағы №5 гимназияда өткен алғашқы қоңырау салтанатты шарасына Абай облысы әкімінің орынбасары Байбеков Шалқар Заманбекұлы қатысты. Ұстаздар қауымы мен жаңа оқу жылына жаңа қадам басқан бүлдіршіндерге сәттілік тіледі, оқу жылының басталуымен құттықтады.
Білім күніне арналған мерекелік шарадан кейін сынып сағаттары өтті. Тәрбие сағаттарында ұлттық құндылықтардың, патриотизмнің, адалдықтың, адам өміріндегі бір-біріне деген құрмет пен сенімнің рөлін талқылауға ерекше назар аударылды.
Айта кетейік, облысымызда жаңа оқу жылында 100 мыңнан астам оқушы контингенті бар 302 мектеп жұмыс істейді.