Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» ММ бастауымен Абай облысында мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілерінің сұранысы бойынша біліктілік арттыру курстарын өткізуін бастады.
Курс офлайн форматта, өңірдің 100 педагогтеріне мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі құжаттардың әзірлеушілері, Институт мамандары мен директордың орынбасары Мария Наятовна Ерманова мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың стандарты, үлгілік оқу бағдарламасы, оқу жоспарлары және басқа да өзекті тақырыптары туралы дәріс беруде.
Курс барысында тыңдаушыларға:
-жаңа мазмұнды іске асыруды нормативті құқықтық қамтамасыз ету;
-заттық дамытушы ортаны құру;
-күні бойы режимдік сәттерді;
-ұйымдастырылған іс-әрекеттерді;
-балалардың түрлі әрекеттерін ойын түрінде ұйымдастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін тәжірибе жүзінде іске асыру бойынша жан-жақты әдістемелік қолдау көрсетуде.