Бүгін тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Алматы қаласы Сүлейман Демирел университетінің жанындағы «Айналайын» лагерінде болып, онда Абай облысынан келіпдемалып жатқан 110 баламен кездесті.
Сапар барысында Айжан Абзалиқызы балалардың тұру, тамақтану, бос уақытын ұйымдастыру жағдайларымен танысты. Әңгіме барысында балалар демалыстан алған әсерлерімен бөлісті. Олар есте қалған экскурсиялар, кинотеатрға, бассейнге барғандары, қатысқан қызықты конкурстар мен жарыстар туралы айтты. Ең бастысы, балалар Маңғыстау, Ұлытау, Жетісу облыстардан жаңа достар тапқандарын және қарым-қатынас шеңберін кеңейткенін атап өтті.
Кездесу соңында бөлім басшысы лагерь ұжымына оқушылардың бос уақытын қызықты және жемісті ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, шығармашылық табыс, ал балаларға есте қаларлық демалыс тіледі