Республикалық «IQanat» олимпиадасының қорытындысы

Республикалық «IQanat» олимпиадасының қорытындысы

«IQanat» қоғамдық қорының 2023 жылғы 22 маусым күні 8-сынып оқитын ауыл оқушылары арасында республикалық «IQanat» олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиада жеңімпаздарын Қазақстан Республикасының Білім министрі Ғани Бейсембаев және Қазақстан Республикасының Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек құттықтап, сертификаттармен марапаттады.

Марапаттау салтанатында қатысушылар алдында сөз сөйлеген Білім министрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы үндеуін оқып берді.

«IQanat» олимпиадасы ауыл мектептерінде оқитын балаларға арналған республикалық бағдарлама. Айқанаттың негізгі мақсаты: ауыл мектептерінде білім алатын оқушыларға өзі қалаған жарқын болашаққа қол жеткізуге көмек беру.

 Олимпиаданың аймақтық кезеңінен жолдама алған 33 дарынды бала республикалық кезеңде Абай облысының намысын қорғады.

IQanat High School of Burabay – еліміздегі ең жоғары технологиямен қамтамасыз етілген мектептердің бірі. Республикалық кезеңде үздік нәтиже көрсеткен 10 оқушы осы мектепте тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Атап айтқанда, Умытказы Күміс, Жарма ауданы, Ақтайлақ би атындағы орта мектебі, Берікқызы Айакөз, 236 орта мектебі, Васильев Максим, Көкпекті ауданы, Көкпекті орта мектебі, Баяхмет Нұрай, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі, Тоқтасынов Нұржан, Үржар ауданы, Жансүгіров атындағы орта мектебі, Құрманғажы Ғаламат, Б.Сахариев атындағы Бахты орта мектебі, Шоқан Томирис, Барқытбел орта мектеп-бақшасы, Мусатаева Асель, Бесқарағай ауданы, Канонерка орта мектебі, Кәдірбекова Алтынжан, Калидоллаева Ерке Ақсуат ауданы, К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі.