
Абай облысының білім басқармасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша Департаменті өкілдерінің, сондай-ақ Жарма ауданының білім бөлімінің қызметкерлерінің, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының директорлары мен бухгалтерлерінің қатысуымен бейнеконференция режимінде кеңес өткізді.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесіндегі іргелі буын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың туындауына ілеспе жағдайлар мен себептерді анықтау және азайту жөніндегі жұмыс айқындалған, ол сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңында көрініс тапты.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мемлекеттік қызметшілерді заңдарды сақтауға және лауазымдық міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға міндеттейді.
«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға көп көңіл бөлінеді.
Жиналыста бюджетті жоспарлау және бақылау жүйесін оны іске асыру нәтижесінде қоғамдық пайдалы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілетіндей етіп құру қажеттілігі туралы айтылды, жоспарлау нақты қажеттіліктерді ескеруден туындауы керек. Өзекті тақырыпты талқылау барлық қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Жұмыс мазмұнды әрі пікір алмасу форматында өтті.