Кітапханаларда зерделеу жұмыстары жүргізілді

Кітапханаларда зерделеу жұмыстары жүргізілді

«Білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары» аясында «Оқуға құштар мектеп» жобаларының іске асырылуын зерделеу мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту министрлігінің Республикалық Ғылыми-педагогикалық кітапханасының мамандары Семей қаласы, Абай, Ақсуат, Аягөз, Үржар аудандарындағымектептер кітапханаларының жұмысымен танысып, әдістемелік көмек көрсетіп қайтты.

Зерделеу барысында кітапхана қоры, білім беру ұйымдары кітапханаларының материалдық-техникалық базасын дамыту, ІТ жабдықтары бар COWORKING орталықтың ашылуы, кітапханалық процесстерді автоматтандыру және цифрландыру жұмыстарын ұйымдастыру.

     «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру,  білім беру ұйымдарының мәдени мекемелермен әлеуметтік серіктестігі, бірыңғай оқырман қауымдастығын қалыптастыру бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру, нормативтік-реттеуші құжаттар, есептік құжаттамалар және дұрыс жүргізілуі қызметтерін зерделеп, кітапханашыларға қажетті әдістемелік көмектерді көрсетті.