
Абай облысында жергілікті атқарушы органдармен облыстық басқармалармен және департаменттермен бірлесіп 2023 жылғы 17 мамыр мен 17 маусым аралығында «Балалар игілігі үшін!» Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған (бұдан әрі-Акция) шара өткізілуде.
Акцияның мақсаты: мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-тың балалар өмірінің сапасын қамтамасыз ету жөнінде күш-жігерін біріктіру.
Акция бағыттарына балалардың қоғам өміріне қатысу құқығын іске асыру, туған өлкенің тарихын зерделеу, мәдени мұраны насихаттау және өзінің кіші Отаны үшін мақтаныш пен жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, баланың отбасында өмір сүру құқығын іске асыру, отбасы институтын нығайту, отбасы мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жүйесін жетілдіру және т. б. шаралар кіреді.
Акция аясында 90 000-нан астам балалар мен ата-аналарды қамтитын 500-ге жуық түрлі іс-шаралар, қайырымдылық шаралары өткізіледі.
Мереке қарсаңында және мереке күні төмендегі жаңа нысандарды ашу жоспарлануда: Абай облысы, Курчатов қаласында 120 орындық балабақша (1 маусым), Абай облысы, Абай ауданы, Тоқтамыс ауылындағы 50 орындық «Толғанай» жеке балабақшасы (1 маусым), Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылындағы педогогика-психологиялық түзету-дамыту кабинеті (2 маусым), Абай облысы, Үржар ауданы, Жаңа Тілек ауылындағы М.Әуезов жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы 50 орындық толық күндік шағын орталық (1 маусым).
1 маусымдағы маңызды оқиғалардың қатарында:
- Республика командасы құрамындағы облыстық 3 баланың «Ақорда» президенттік резиденциясына бару және Астана қаласы бойынша экскурсия жасау;
-Астана қаласының «Қазмедиа» концерт залында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жұлдызай» фестиваль-конкурсы лауреаттарының Гала-концертіне Семей қаласының №3 арнайы мектеп-интернатының 21 тәрбиеленушісі қатысуы. Гала-концерт «Хабар» ТК ағымдағы жылдың 1 маусымда сағат 13: 00-де тікелей эфирінде өтеді;
- маусым айында Алматы қаласындағы «Абайтану» олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысу;
- маусым айында Алматы қаласында өтетін «Бастау» республикалық математикалық турниріне қатысу;
-ағымдағы жылдың 29-30 мамырында облыстың білім беру ұйымдарының мектеп/студенттік парламенттерінің 2 күндік республикалық «Балалық шақ әлемі қандай ғажап» флешмобына қатысуы.
- Семей қаласында ҮЕҰ, іскер әйелдер қауымдастығының қатысуымен «Балаларға жылулық сыйла» қайырымдылық акциясын өткізу; облыстық Достық үйінің қоғамдық келісім орталығының қатысуымен Қазақстан халықтары Ассамблеясының жобасы аясында дарынды балаларға құрмет көрсету.
1 маусым күні Орталық саябақта 7 негізгі облыстық алаң жұмыс істейді: «Біз бақытты баламыз!», «Ғылымдар шашуы», «Semey New School» форумы , ІТ-алаң және жас ұланшылар алаңы, «Балаларға базарлық» тәлімгерлер алаңы және «Dance energy» мектеп көшбасшыларының флешмобы, эко-аймағы байланысы, спорттық және үстел ойындар алаңдары;
- облыстың барлық аудан орталықтары мен қалаларында, ауылдары мен білім беру мекемелерінде дарынды балаларға естелік сыйлықтар табыс етіліп, құрмет көрсетіледі;
- 17 мамыр мен 17 маусым аралығында «Ана тілім-тірегім!». Челленджшеңберіндебірбілім беру ұйымдарының оқушылары әлеуметтік желілерде қазақ ақындарының шығармаларын оқиды және эстафетаны басқа ұйымдардың оқушыларынабереді (қатысушылар саны шектелмейді);
- тәжірибелі заңгерлерді, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін және т. б. тарта отырып, балалары бар отбасыларға арналған тегін консультациялардың түрлі нысандарын ұйымдастыру және өткізу.;
- облыстық балалар биологиялық орталығында 2000-нан астам келушілерді қамтитын "тірі табиғат аясында" мерекелік-экскурсиялық бағдарламасын ұйымдастыру;
- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Абай облысы бойынша Департаменті және Абай облысыбілім басқармасының«Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының бірлесе өткізген облыстық «Адалдық-ең асыл қасиет» эссе және «Жемқорлық- құқықты бұзу картасы» жобалары конкурстарын ұйымдастыру; «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» тақырыбы бойынша аквагрим мен суреттер галереясын ұйымдастыру;
Медициналық ұйымдарда балаларға аниматорлармен, сабын көпіршіктерімен, үйде мүмкіндігі шектеулі балаларға барумен ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады;
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорығы-мұражайына экскурсия ұйымдастырылады, онда «Тарих қойнауында» квест - ойындары өткізіледі.
Абай және Ф. Достоевский атындағы театрларда 1 маусымда 250-ге жуықкішкентай көрерменге «Жақсылық пен жамандық», «Изумруд қаласының сиқыршысы» атты спектакльдерін тегін көрсету жоспарлануда.
Концерт залдарында, алаңдар мен саябақтарда іс-шаралар мен «Балалық шақ, достық шақ болсын бейбіт өмірде!» атты мерекелік концерт.
Кітапханаларда тақырыптық көрмелер, буккроссинг және кітапханалық әдеби ертеңгіліктер өткізу жоспарланған.
- 2 маусым облыстық ЖБД отрядтарының конкурсын өткізу;
-8 маусымда «Қазақстан Халқына» қорының «Жазғы жолдама» жобасы аясында облыстың 110 баласы Алматы қаласындағы «Айналайын» лагерінің бірінші маусымына баруы ұйымдастырылады. Аталған жоба аясында облысымыздың 920 баласы республиканың балалар сауықтыру лагерлерінде тегін демалады (Абай облысы бойынша жазғы кезеңде 78791 баланы қамтитын қосымша білім беру ұйымдары жанындағы 12 балалар сауықтыру лагері, 303 мектеп жанындағы лагерь және 24 оқыту және бейіндік алаң жұмысы жоспарлануда, бұл 81.9% баланы құрайды; қала сыртындағы балалар лагерьлерінде демалыспен және сауықтырумен әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 5242 баланы қамту жоспарлануда, бұл осы санаттағы балалардың жалпы санының 25% -ын құрайды);
-облыстың дарынды оқушылары үшін 05.06-16.06.2023 ж. аралығында «JAS AKADEMIK-2023» жазғы мектебінің бағдарламасын өткізу;
- Астана қаласындағы «Edlight Academy» зияткерлік олимпиадаларға дарынды балаларды даярлау бағдарламасы бойынша республикалық лагерьде оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру;
- 1 маусымнан бастап балалар үшін жаз бойы 90 000-нан астам баланы қамту жоспарланып отырған Жұмыспен қамтудың әртүрлі нысандары (секциялар, клубтар, үйірмелер, еңбекжасақтары, экскурсиялар, сапарлар)көзделген;
- облыстың барлық қалалары мен аудан орталықтарының саябақтарында балаларға арналған мәдени-ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады.
Кітапханаларда тақырыптық көрмелер, букроссингтер рәсімделеді; кітапханалық әдеби ертеңгіліктер жоспарланады.
Бюджеттен мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға 4873,802 теңге бағытталады, демеушілер 13210, 96 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.
Барлық іс-шаралар қоғамға балалардың құқықтарын елдің әрбір азаматы сақтауы керек екенін еске салуға арналған.