Ауған соғысының ардагері Бургажинов Тілеухан Әнуарбекұлын еске алуға арналған Облыстық әскери – қолданбалы спорт түрлері турнирінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Ауған соғысының ардагері Бургажинов Тілеухан Әнуарбекұлын  еске алуға арналған Облыстық әскери – қолданбалы  спорт түрлері турнирінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Абай облысы Жарма ауданы Жаңаөзен ауылындағы «Кенжебек Шакенов атындағы орта мектебі» КММ-де Ауған соғысының ардагері Бургажинов Тілеухан Әнуарбекұлын еске алуға арналған «Жас Сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы тәрбиеленушілері арасында Облыстық әскери-қолданбалы спорт түрлерінен 2023 жылдың 21-22 сәуір күні турнир өтті.

Турнирдің мақсаттары мен міндеттері:

- салауатты өмір салтын насихаттау;

- оқушыларға патриоттық тәрбие беру, әскери қызметтің беделін арттыру және өскелең ұрпақ арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау;

- әскери іс негіздері бойынша білім мен дағдыны бекіту;

- адамгершілік-психологиялық қасиеттерді, тәртіпті, өзара көмек пен жолдастық қолдау сезіміне тәрбиелеу.

Қоғамдық–саяси өмірге, жастар  тәрбиесіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденінің иегері атанған Тілеухан Анауарбекұлына арналған турнирдің негізгі мақсаты - жастарды патриоттық бағытта тәрбиелеу, отансүйгіштікке баулу, салауатты өмір салтын насихаттау.

Турнир ұйымдастырушылары Абай облысы білім басқармасының «Дарындылық  пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Абай облысы Қоғамдық даму басқармасы, Абай облысықорғаныс істер жөніндегі Департаменті, облыстық Жастар ресурстық орталығы, Жарма ауданының «Ауған соғысы ардагерлер мен мүгедектердің одағы» ҚБ, «Әскери-спорт клубтары федерациясы» ҚБ, «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» ҚБ, Жарма ауданының білім бөлімі.

Турнирге облыстың жалпы білім беретін мектептерінің әскери-патриоттық спорт клубтарының командалары, облыстық оқу орындарының оқушылары қатысты.

Қала/аудан, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп командасының саны – 7 қатысушы (5 ұл, 2 қыз) және 1 жетекші. Қатысушылардың жасы: 9-10 сынып оқушылары.

Турнирдің ашылу салтанатына арнайы келген қонақтар:

  • Жарма ауданы әкімінің орынбасары Нұрғалиев Нұрлыбек Акылбекович;
  • Абай облысының Ауғанстандағы және жергілікті соғыстардың ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ауғанстандағы соғыс ардагері «Құрмет» орденінің иегері Бегатов Боранбай Оразбайұлы;
  • Тілеухан Ануарбекұлының өмірлік серігі, ардақты ана, Жаңаөзен ауылының тұрғыны Бургажинова Саркыт Турсынгазиновна.

 

Турнир жарыстың келесі кезеңдері бойынша өткізілді:

1 кезең  - «Отан қорғаушы» әскери-спорт кешенінің нормативтері

  1. Пневматикалық мылтық ату.
  2. Кермеге тартылу.
  3. 1 минут ішінде арқада жатып денені көтеру.
  4. АК-74 автоматты толық емес бөлшектеу және жинақтау.
  5. Бёрпи жаттығуы.
  6. Газқағар кию.

2 кезең - РГД -5 гранатасын нысанаға лақтыру.

 

Турнир соңында жүлделі орындарға ие болды

 

Пневматикалық мылтық ату:

- қыздар арасында:

1 орын – Қызырханова Дильназ, Абай ауданы

2 орын – Жанымхан Айару, Ұржар ауданы

3 орын – Жұмағалиева Жанерке, Ақсуат ауданы

- ұлдар арасында:

1 орын – Құсман Елжан, Семей қаласы

2 орын – Самархан Олжас, Семей қаласы

3 орын – Қалымбек Айбын, Ақсуат ауданы

Жалпы орын:

1 орын – Семей қаласының командасы

2 орын – Ұржар ауданының командасы

3 орын – Абай ауданының командасы

 

Кермеге тартылу:

1 орын – Николай Панков, Бородулиха ауданы

2 орын – Елтай Заңғар, Жарма ауданы

3 орын – Кәрім Мирас, Жарма ауданы

Жалпы орын:

1 орын – Жарма ауданының командасы

2 орын – Семей қаласының командасы

3 орын – Семей қаласының командасы

 

«Арқада жатып» денені көтеру:

1 орын – Даулетқалиева Ару, Семей қаласы

2 орын – Шакиржанова Ғайшабану, Семей қаласы

3 орын – Орынғалиева Дания, Семей қаласы

Жалпы орын:

1 орын – Семей қаласының командасы

2 орын – Семей қаласының командасы

3 орын – Жарма ауданының командасы

 

АК-74 толық емес бөлшектеу және жинақтау:

- қыздар арасында:

1 орын – Шакиржанова Ғайшабану, Семей қаласы

2 орын – Ерғазықызы Іңкәр, Ақсуат ауданы

3 орын – Бекмурзанова Фатима, Аягөз ауданы

- ұлдар арасында:

1 орын – Мұхаметқали Азамат, Абай ауданы

2 орын – Еркінбек Темірлан, Ақсуат ауданы

3 орын – Жанатбекұлы Еркебұлан, Ақсуат ауданы

Жалпы орын:

1 орын – Ақсуат ауданының командасы

2 орын – Аягөз ауданының командасы

3 орын – Семей қаласының командасы

 

Бёрпи:

1 орын – Астай Абзал, Семей қаласы

2 орын – Жанарбек Ұларбек, Жарма ауданы

3 орын – Жекенов Қайсар, Ұржар ауданы

 

Газқағар кию:

Жалпы орын:

1 орын – Жарма ауданының командасы

2 орын – Жарма ауданының командасы

3 орын – Абай ауданының командасы

 

РГД-5 гранатасын лақтыру:

- қыздар арасында:

1 орын – Асанова Рабиға, Жарма ауданы

2 орын – Рамазанова Қарақат, Жарма ауданы

3 орын – Жұмағалиева Жанерке, Аягөз ауданы

- ұлдар арасында:

1 орын – Талапкер Санжар, Жарма ауданы

2 орын - Солтанов Самат, Аягөз ауданы

3 орын – Сәдуақасов Әкежан, Жарма ауданы

Жалпы орын:

1 орын – Жарма ауданының командасы

2 орын – Жарма ауданының командасы

3 орын – Аягөз ауданының командасы