
Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталық» КММ 2023 жылғы 31 наурыз күні №17 ЖОББМ ғимаратында «Robobalapan-2023» республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңін өткізеді.
Фестиваль Қазақстандағы «ҚазРоботикс» Федерациясының қолдауымен робототехниканы дамыту бағдарламасының бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасында балалар мен ересектер арасында робототехника тақырыбын дәріптеу, балалар мен олардың ата-аналарын (заңды өкілдерінің) бірлескен шығармашылық жұмысқа ынталандыру, мектепке дейінгі техникалық шығармашылықты насихаттау, мектепке дейінгі білім берудің белсенді педагогтерін анықтау және көтермелеу, ата-аналар мен отбасы мүшелерін баланың білім беру қызметіне серіктес ретінде тартуда бұл фестивальдің маңызы зор. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың дамуына қолайлы орта қалыптастыруда Отбасы мен педагогтер одағының рөлін арттыруға жәрдемдесетін шара.
Фестивальда командалар үш тапсырма бойынша сайысқа түседі:
1-тапсырма командалық жобаның негізгі тақырыбы – «Құрылыс алаңына арналған робот көмекші».
2-тапсырма - «Робо-гольф» жарысы.
3-тапсырма – «Динамикалық ойыншық» тапсырмасы.
Фестивальға 5-6 жас аралығындағы балабақша және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары, ата-аналары (заңды өкілдері), педагог-жетекшілерінен құралған 12 команда қатысады.
Жеңімпаз командалар «ҚазРоботикс» Федерациясының дипломдармен марапатталады. Үздік команда фестивальдың республикалық кезеңіне жолдама алады.