«Білім беруде STEAM бағытын дамыту» өңіраралық ғылыми-практикалық онлайн конференция

«Білім беруде STEAM бағытын дамыту» өңіраралық ғылыми-практикалық онлайн конференция

2023 жылғы наурыздың 15 мен 16-сы күндері Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ және Павлодар облысы білім басқармасының «Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығы» КММ, Павлодар облысы білім басқармасының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы» КММ (Zoom платформасы арқылы) арасында Әлихан Бөкейхан Университетінде «Білім беруде STEAM бағытын дамыту» өңіраралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы өтуде.

Конференцияны ұйымдастырудың басты мақсаты – ЅТЕАМ білім беру ортасын қалыптастыру, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда педагогтердің озық тәжірибелерін бөлісу, жемісті диалог құру.

Пленарлық бөлімге Абай және Павлодар облысы білім басқармаларының, әдістемелік орталықтардың басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары, өңірде білім саласын дамытуға өз үлестерін қосып жатқан азаматтар қатысып, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда ЅТЕАМ білім берудегі өзекті мәселелері мен жолдарын қарастырды. Отырыстың қорытындысы бойынша екі аймақ арасында іс-тәжірибе алмасу мақсатында ынтымақтастық орнату,  ЅТЕАМ өңіраралық олимпиадасын және фестивалін ұйымдастыру ұсынылды.

Сонымен қатар, конференцияда білім беру ұйымдарының педагогтері, студенттері мен педагог-магистранттары пленарлық және секциялық жиналыста негізгі 4 бағыт бойынша өз іс-тәжірибелерін бөлісті. «Даму эволюциясы және білім берудегі ЅТЕАМ-нің теориялық тәсілдері» тақырыбы аясында ЅТЕАМ білім беруді дамытудың проблемалық мәселелері, пәнаралық интеграциялауға арналған құралдарды қарастырды.

Екінші тәжірибелік бөлім онлайн форматта тікелей эфирде өтті. Тікелей эфирге 6000-нан аса педагог қатысты. Секциялық бөлімде бастауыш, негізгі орта жәнежалпы орта білім беру педагогтері өз тәжірибелерін бөліссе, үшінші секциялық бөлімде осы бағыттың өмір саласына әсері талқыланды.

Соңғы бөлімде педагогтің кәсіби дамуы және STEAM білім берудегі педагогтің моделі туралы айтылды.

Конференцияға Абай және Павлодар облыстары білім беру ұйымдарының 50 - ден аса педагогі, студенттері мен педагог-магистранттары қатысты.

Екі күндік конференцияның тәжірибелік бөлімдері ертең жалғасын табады.