
2023 жылғы наурыздың 2 - 11 күндер аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында дзю-до бойынша I Тынық мұхиты-Азия ойындары өтті, оған 8 ел қатысты: Қазақстан, Өзбекстан, Иран, Корея, Жапония, Ирак, Қырғызстан, Моңғолия.
Қазақстанның намысын Абай облысының спортшылары, "Семей қаласының политехникалық колледжі" КМҚК-нің түлегі Ләззат Бақтиярова және "Семей қаласының политехникалық колледжі" КМҚК-нің 3-курс студенті Айым Жетпісбаева қорғады. Өз салмақтарында спортшыларымыз қола жүлдеге ие болды!
Осындай әлемдік деңгейдегі жарысқа спортшы қыздарымыз алғаш рет қатысты. Сондай-ақ, Айым 2023 жылы Қазақстан Республикасында өткен чемпионатта 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1-орынды иеленді.
2022 жылы Бразилияда дзюдодан XXIV жазғы Сурдлимпиада өтті. Есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында өткізілген ойындарда ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Бақтиярова Ләззат 63 келіге дейінгі салмақта да қола жүлдеге ие болды.
"Сурдлимпиада-бұл спортшылар арасындағы ең маңызды жарыс, біз аптасына алты рет жаттығып, одан да жақсы нәтиже көрсеткіміз келді, бірақ мұндай ауқымды жарыста үшінші орын – бұл да үлкен жетістік", - дейді спортшы бапкер Мәдина Тоқтамысова.
Спортшыларды жеңісімен құттықтаймыз және болашақта жаңа жеңістерге қол жеткізуді тілейміз!