Білім басқармасының ата-аналар қоғамының кеңесі құрылды

Білім басқармасының ата-аналар қоғамының кеңесі құрылды

Білім басқармасының ата-аналар қоғамының кеңесі құрылды.

 

Білім басқармасының бастамасы бойынша әр қала мен аудан ата-аналарынан, Бала құқықтары жөніндегі уәкілден, «Отбасы орталығы» ҚҚ басшысынан тұратын Абай облысының ата-аналар қоғамының кеңесі құрылды.

Білім басқармасының басшысы Н.Н. Ахметқалиев кеңестің алғашқы онлайн отырысын өткізді, онда ата-аналарға облыстың білім беру жүйесін дамыту жоспарын, ағымдағы жағдайды таныстырды, мектеп пен отбасының өзара іс-қимылының маңыздылығы туралы айтты.

Басшы ата-аналар жұртшылығын білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, қолжетімді сапалы білім алу, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға белсенді қатысуға шақырды. Облыстық Кеңестің алдағы жұмыс жоспары белгіленді.