Қосымша білім беру үрдісіндегі патриоттық тәрбие

Қосымша білім беру үрдісіндегі патриоттық тәрбие

«Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының» тәрбие бөлімі  2023 жылдың 25 қаңтар күні облысымыздағы қосымша білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған кеудесінде  намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ тәрбиелейтін «Қосымша білім беру үрдісіндегі патриоттық тәрбие» тақырыбында семинар өткізді. Орталықтың тәрбие бөлімі басшысы А. Абдухамитов ағымдағы жылда қосымша білім беру бойынша жоспарланған ісшаралар желісін таныстырды. Семинар барысында «Жергілікті композиторлардың шығармаларын сабақта қолдану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру» тақырыбында Семей қаласы «№1 балалар музыка мектебі» КМҚК қобыз сыныбының оқытушысы  Ргелова Айгүл Биғазықызы,  «Жас сарбаз» әскери-патриоттық тәрбие  қозғалысының  жұмысы» тақырыбында Семей қаласы «№2 ЖОББМ» КММ «Жас сарбаз» клубының жетекшісі Тақанов Төлеубек Тақанұлы, «Қазақ күйлеріндегі патриотизм және ансамбль күйшілерін дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында Семей қаласы «Балалар өнер мектебі» КМҚК домбыра сыныбы оқытушысы Касымбекова  Хамар Мухаметжаровна, «Қосымша білім беруде ағылшын тілін үйретуде сын тұрғысынан ойлау арқылы патриоттық тәрбие беру» тақырыбында Көкпекті ауданы «Оқушылар шығармашылық  сарайы» КМҚК «Жас ағылшындар» үйірме педагогі Камзина Гульнара Алимхановналар өз тәжірибелерін бөлісті.  

Семинар қорытындысында қатысушылар пікірлерін айтып, қосымша білім беру педагогтерінің жұмыс барысындағы қызықтырған сұрақтарына жауап  алды.