Абай облысы білім басқармасы мен «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» аудан білім беру бөлімдерінің әдіскерлерімен педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Отырысқа аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.
Түсіндірме жұмыстапедагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын таныстырылып,облыс мұғалімдеріне көмек көрсетуде кейбір мәселелердің шешу жолдарына бағыт берілді.
Сондай-ақ, педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына енгізілген өзгерістерге тоқталып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Отырыс барысында көбінесе «E-Portfolio»порталына құжаттарды жүктеу және сабақты зерттеу (Lesson Study, Action Research) бойынша сауалдар қойылды. Осы бағытта орталықтарапынан бірқатар кеңестер айтылды.