«Жаңашыл мұғалім-2023» байқау

«Жаңашыл мұғалім-2023» байқау

«Жаңашыл мұғалім-2023» байқау

 Республикалық «Жаңашыл мұғалім-2023» байқауы басталады. Байқаудың мақсаты – білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытып, қолданысқа енгізіп жүрген мұғалімдерге қолдау көрсету және олардың әлеуметтік және кәсіби беделін қалыптастыру.

Байқаудың басты шарты – оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану, мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамыту және білім беру мен тәрбиелеуде BilimLand ресурстарын ұтымды қолдана білу.

Байқаудың жүлде қоры 2 000 000 теңге.

Байқау 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқауға бастауыш, орта білім беретін, сондай-ақ арнайы орта білім беретін оқу орындарының мұғалімдері қатысады. 

Байқау 2 кезеңнен тұрады және төмендегі аталымдар бойынша өтеді:

  • «Сабақтағы заманауи педагогикалық технологиялар» – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
  • «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту» – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
  • «Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы цифрлық технологиялар» – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
  • «Білім беруді цифрландыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту» – 500 000 (бес жүз мың) теңге.

Жеңімпаздар оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиында ресми түрде марапатталады, сондай-ақ олардың аты-жөндері сайттағы (bilimland.kz) блогымызда жарияланады. 

BilimLand.kz білім беру платформасын белсенді пайдаланатын білім және тәрбие беру мекемелерінің барша қызметкерін байқауға қатысуға шақырамыз!

Байқау туралы жаңалықтарды bilimland.kz bilimustaz.kzbilimland.kzonlinemektep.kzbilimkids.kz сайттарынан және әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.