"Ozyq Urpaq" жобасы

"Ozyq Urpaq" жобасы
"Ozyq Urpaq" жобасы
 
Абай облысының құрылуына және Семей қаласында жаңа облыс орталықтарының қолдауына байланысты жетекші қазақстандық "Роботек" робототехника мектебі «Ozyq Urpaq» жобасын іске қосты. Бұл мектеп оқушыларының дизайнға, робототехникаға, бағдарламалауға қызығушылығын арттыруға, дарынды балаларды анықтауға, озық білім беруге және оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға бағытталған бағдарлама.
 Робототехника үйірмелерінің жұмысын Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қаржыландырады. 2 қарашада Семей қаласының №49 мектебінде «Ozyq Urpaq» бағдарламасының тұсаукесері өтті. Тұсаукесер барысында ұйымдастырушылар «Оzyq Urpaq» жобасын іске асыру туралы – робототехника оқытушыларын оқыту мен тағылымдамадан өткізуді ұйымдастыру мәселелері, 500 балаға арналған үйірмелердің жұмысы туралы айтып берді. Сонымен қатар, тұсаукесер барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қызметі, 7 жыл ішінде 4000-нан астам баланы оқытқан "Роботек" робототехника мектебінің жұмысы, робототехника бойынша түрлі турнирлердің 54 жүлдегері мен қатысушыларын дайындады. 
Жобаға қаланың 5 мектебі таңдалды: "№8 ЖОББМ" КММ, "№28 ЖОББМ" КММ, "№37 ЖОББМ" КММ, "№44 ЖОББМ" КММ, "№49 ЖОББМ"КММ. Информатика пәнінің оқытушылары балаларға дизайн, робототехника және бағдарламалауды үйрету үшін "Роботек" ұйымдастырған робототехника курстарынан өтті.