Директор Адильжанов Ардақ Аділғазыұлы бастаған колледж басшылығы мен "Barlau-Qazaqstan" ЖШС компаниясы өкілдерінің кездесуі

Директор Адильжанов Ардақ Аділғазыұлы бастаған колледж  басшылығы мен "Barlau-Qazaqstan" ЖШС компаниясы өкілдерінің кездесуі

Біздің еліміздегі білім беру жүйесі қазір жаңғырту кезеңінен өтуде – оқыту нәтижелеріне қойылатын талаптар өзгеруде, оқыту бағдармалары жетілдіріліп,құзыреттіліктер қарастырылуда, шетелдік оқу орындарын тәжірибесі қабылдануда. Қазіргі экономикалық жағдайларда геологиялық барлау саласына болашақ мамандарды сапалы дайындау мәселесі өте өзекті болып отыр. Семей қаласындағы Геологиялық барлау колледжі 90 жыл бойы минералды - шикізатөнеркәсібінің түрлі кәсіпорындарына жұмысшы кадрларын дайындап келеді.

Абай облысының білім басқармасы «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК 1931 жылы құрылған.

Колледж 5 мамандық бойынша мамандар даярлайды:

- 05320100 «Геологиялық суретке түсіру,пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлау»

- 05320200 «Пайдалы қазба кен орындарын барлаудын техникасы мен технологиясы»

- 05320300 «Гидрогеология және инженерлік геология»

- 05320400 «Пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлаудын геофизикалық әдістері»

- 05220200 «Табиғи ресурстарды қорғау және ұтымды пайдалану»

Колледж Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан геологиялық және мұнай газ салаларында жұмыс жүргізетін жетекші ұлттық және халықаралық компаниялармен ынтымақтастықта.Колледжде геологиялық мамандықтар бойынша ағылшын тілінде мамандар даярлауда эксперименттік оқу бағдарламаларын енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда 250-ден астам кәсіпорын,оның ішінде 54 шетелдік компания бітірушілерді өндірістік тәжірибеден өтуге және жұмысқа орналастыруға орын беріп,кәсіптік даярлауды тереңдетуге көмектесуде.

2022 жылдың 19 қазанында директор Адильжанов Ардақ Аділғазыұлы бастаған колледж  басшылығы мен "Barlau-Qazaqstan" ЖШС компаниясы өкілдерінің кездесуі өтті. Бұл шара Қазақстан Респубикасы Президентінің өндіріс секторы мен білім беру мекемелерінің өзара іс-қимылы туралы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында өткізіліп отыр.

Кездесудің негізгі мәселелері:

  1. Жаңа геофизикалық құрал жабдықтармен жұмыс істеу бойынша бейіндік оқыту жүргізу үшін колледж студенттерін іріктеу, бұл ұңғымаларды егжей-тегжейлі зерттеуге ықпал етеді.Оқыту шетелде жүргізіледі.Жаттығу бақыланатын орта тәжірибелік оқыту үшін пайдалануға болатын өз ұңғымасы бар екендігімен маңызды.Таңдалған студенттер болашақта"Barlau-Qazaqstan" ЖШС штатына қабылданады.