Абай облысы Білім басқармасының «Ұстазды ұлықтау –үлкен мәртебе!» мұғалімдер күніне арналған онкүндік іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ұстазға арнау» тақырыбы аясында жергілікті ақындарымыздың, қалалық ақындар орталығының жас қаламгерлерінің ұстазға деген жүрекжарды өлеңдері облысымыздың «Ертіс өңірі» және "Семей таңы" газеттерінде «Ұстаз десе жүректі жыр тербеткен» деген айдармен жарияланды.
Іс-шараның мақсаты – Ұстаздарға құрмет көрсету, мәртебесін арттыру.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сіңіретін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Мерекелеріңізбен, құрметті ұстаздар!