Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Ақылбекұлы Рахановтың төрағалығымен Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық штаб отырысы өтті

Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Ақылбекұлы Рахановтың төрағалығымен Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық штаб отырысы өтті

Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Ақылбекұлы Рахановтың төрағалығымен Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық штаб отырысы өтті.

Отырыс барысында балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтарын лицензиялау, олардың қолданыстағы біліктілік талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ балалардың қауіпсіз әрі сапалы демалысын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Абай облысы білім басқармасының басшысы Курманова Айжан Абзалиевна балаларға арналған білім беру-сауықтыру орталықтарын лицензиялау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Штаб отырысының қорытындысы бойынша қала және аудан әкімдерінің орынбасарларына лицензиялау мәселелерін жеке бақылауға алу, анықталған бұзушылықтарды жоюды қамтамасыз ету, сондай-ақ балалардың қауіпсіз демалысын ұйымдастыру бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Білім бөлімдерінің басшыларына сауықтыру орталықтарының дайындығына күнделікті мониторинг жүргізу, жазғы маусым кезеңінде балалардың қауіпсіздігін, сондай-ақ оқушылардың ұйымдасқан тобын тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.