
2026 жылғы 28 мамырда «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Шексіз мүмкіндік» жобасы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар түлектерге арналған онлайн кездесу өтті. Кездесу барысында колледждердің білім беру бағдарламалары, IT және сервис саласындағы мамандықтар, оқу мүмкіндіктері таныстырылды. Іс-шараға ата-аналар, білім беру ұйымдарының өкілдері және оқушылар қатысты.