Абай облысының білім басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

Абай облысының білім басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 15 маусымдағы №255 Жарлығы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасының тапсырмасына сәйкес Абай облысының Өңірлік кадр резервінің мүшесі – Темірлан Шалқарұлы Қалелов Абай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Қалелов Темірлан Шалқарұлы 1996 жылдың 18 мамырында Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Бестерек ауылында дүниеге келген. 2017 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдады.
2023 жылы Семей қаласындағы «Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесінде «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» мамандығы бойынша жоғары білім алды.

📌 Еңбек жолын 2018 жылы «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Бестерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жетекші маман міндетін атқарушы қызметінен бастады.
Әр жылдары аталған мекемеде жетекші маман, кейін бас маман қызметтерін абыроймен атқарды.
До назначения занимал руководящую должность в государственном учреждении «Отдел внутренней политики Урджарского района области Абай».

Темірлан Шалқарұлы – жауапкершілігі жоғары, кәсіби білікті маман.
Алдағы қызметіне толағай табыс, жауапты жұмысына сәттілік және кәсіби жетістік тілейміз!